Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

 Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы өтті

Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы өтті

Дарын Орталығы

2025 жылғы 11-12 маусым күндері Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында жалпы білім беретін мекептердің 7-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы өтті.

⚜️Байқауға «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ-ның жанындағы «Shakarim High School» мектебінің 10 сынып оқушысы Нуржан Акерке.
⚜️ «Жыр эстафетасы» бағыты бойынша Аягөз ауданының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Дәулетқызы Нуриллә.
⚜️ «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» бағыты бойынша Абай ауданы, Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясының 10 сынып оқушысы Серікболұлы Сырым қатысты.
📌 Нәтижесінде үшеуі де арнайы жүлдемен марапатталып, әрқайсысы 20000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды.