Үміткер ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын, әрі өлеңдері мен поэмаларын мүмкіндігінше жатқа білуі керек және кез-келген өлеңін талдай алуы қажет. Сонымен бірге, талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек.
🔗Мұқағали Мақатаев оқулары 3 бағыттан тұрады:
1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?»;
2. «Жыр эстафетасы»;
3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...»
🔻Бағалау критерийі:
- тақырыпқа сәйкестігі, жүйелілігі;
- көркем оқуы мен мәнерлігі;
- ерекше ұйқасы мен құрылымы;
- дауыс интонациясын сақтауы,
- сөйлеу мәдениеті, сахнада өзін-өзі ұстауы.