Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы

Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы

Дарын Орталығы

🏐2026 жылдың 20-24 қаңтар күндері Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Семей қаласы «№51 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық іріктеу кезеңі басталды. Лигаға қала, аудандардан 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сынып ұлдар арасында 29 команда, 235 спортшы бақтарын сынады. Жарыс мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені өз жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар республикалық жарыстарда Абай облысының намысын қорғау құқығына ие болады. Жарысқа қолдау көрсеткен Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Ойын өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

✔️Жарыста әділ төрелік еткен төрешілерге алғыс білдіреміз!
5-6 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇- орын - Семей қаласы, «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ» КММ;
🥈- орын - Ақсуат ауданы, «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ;
🥉- орын - Мақаншы ауданы, «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ;

7-8 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇- орын - Семей қаласы, «Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ» КММ;
🥈- орын - Мақаншы ауданы, «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ;
🥉- орын - Аягөз ауданы, «С.Нұғыманов атындағы ЖОББМ» КММ;

9-11 сыныптар арасындағы қорытынды бойынша:
🥇- орын - Семей қаласы, «№26 ЖОББМ» КММ;
🥈- орын - Мақаншы ауданы, «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ;
🥉- орын - Аягөз ауданы, «С.Нұғыманов атындағы ЖОББМ» КММ;
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!