Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Республикалық  жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІІІ  Президенттік  олимпиаданың  облыстық  кезеңі өтті

Республикалық жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІІІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес,  жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVIІІ Президенттік олимпиаданыңоблыстық кезеңінебұрын соңды республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беру ұйымдарының 11(12) сынып түлектері қатысты.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

      -Жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

     -Жаратылыстану-математикалықбағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету.

    - Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

       Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVIІІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне 50-ден астам жуық оқушы қатысты.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды оқу тілінде орындады: математика, физика, химия және биология.