Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Robotek Grand Tournament  чемпионатының  облыстық кезеңі өткізіледі

Robotek Grand Tournament чемпионатының облыстық кезеңі өткізіледі

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 04 сәуірінде Robotek Grand Tournament (бұдан әрі - Чемпионат) чемпионатының облыстық кезеңі Семей қаласының «№ 50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі» КММ базасында өткізіледі.
🔹Чемпионаттың мақсаты: Роботтарды құрастыру жəне бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау жəне қолдау. Ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал ету жəне жастар арасында инженерлік дағдыларын дамыту. Инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыру.
🕰️Қатысушыларды тіркеу сағат 8:30-да, ашылу салтанаты 09:30-да, Чемпионаттың басталуы – 10:00-де.


Robotek Grand Tournament чемпионаты 7 санатта өткізіледі:
1. Роботек (2012-2016 т.ж.)
2. Инверстік сызық бойымен жарыс (2012-2016 т.ж.)
3. Жеткізуші робот (2012-2016 т.ж.)
4. Мерген – (2008-2011 т.ж.)
5. Туды жеткізу (2008-2011т.ж.)
6. Сұрыптаушы робот (2008-2011т.ж.)
7. РобоБаскетбол (2008-2016 т.ж.)

🔹Чемпионатқа 140-қа жуық оқушы қатысады.


Чемпионатты жариялауға қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін Robotek Grand Tournament (бұдан әрі - Чемпионат) чемпионатының облыстық кезеңіне 2025 жылдың 04 сәуірі күні сағат 9-00-де шақырамыз.

📍Өтетін орны: Семей қаласы, «№ 50 жалпы орта білім беретін ІТ-мектеп-лицейі» КММ, мекен-жайы: Тарбағатай көшесі, 18 ғимарат.