Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Рortfolio» облыстық зияткерлік ойыны онлайн өтеді

«Рortfolio» облыстық зияткерлік ойыны онлайн өтеді

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» ұйымдастыруымен «Рortfolio» облыстық зияткерлік ойыны онлайн өтеді.

📚Байқаудың мақсаты - оқушыларды туған өлкенің тарихи мұрасы мен табиғи байлығының маңыздылығын анықтауға үйрету, оларды зерттеу қызметі арқылы ауылдардың, қалалардың ұлттық дәстүрлеріне, мәдени ерекшеліктеріне баулу.

🔷«Рortfolio» зияткерлік ойыны берілген тақырыптар бойынша өткізіледі:
* Менің ауылымның (қаланың)экологиялық мәселелері;
* Автомобиль-атмосфераның химиялық ластану көзі;
* Қаладағы (ауылдағы) ауыз су және тұрғындардың денсаулығына әсері.
* Жасыл кеңістіктің ауа күйіне әсері.
* Ұялы телефондардың адам ағзасына әсері.
* Қалалық ортаның тұрмыстық қалдықтармен ластану мәселесін зерттеу.
* Шағын ауданның (ауылдың) тұрмыстық қоқыспен ластану проблемасын зерделеу және топырақ жамылғысының уыттылығын бағалау.

⏳Өткізу уақыты: 2025 жылдың 3-7 қараша аралығында – І кезеңі онлайн, 27-28 қараша аралығында – ІІ кезеңі оффлайн өтеді. Конкурстың мақсаты: - оқушыларды туған өлкенің экологиялық проблемаларын анықтауға, оларды экология мәселелерін зерттеуге, табиғи байлықты сақтауға, зерттеу қызметі арқылы қоршаған әлемнің тазалығын құруға үйрету; Өтінімдер 2025 жылғы 20 қазанға дейін, конкурсқа қатысушылардың жұмыстары 2025 жылғы 30 қазанға дейін daryndy_anyktau_kolday@mail.ru эл.пошта бойынша қабылданады. Анықтама телефондары: 87028515988 (WhatsApp) Нуркасымов Дархан Тлеугазыевич