📗Жетекшілер: информатика пән мұғалімдері Туманбаева Ардак Бакытбековна, Дюсембекова Раушан Сапарбековна.
📒Фестивальде Nxplorers әдіснамасы, экология, химия-биология ғылымдарының өзекті тақырыптары қозғалды. Бұл фестивалға іріктеудің I,II кезеңдер онлайн түрде жүргізілді.
🔻Оған республиканың барлық аймақтарынан 85 команда қатысып, 8-11 класс оқушылар өз жобаларын ұсынды. III кезең Астана қаласында 4 қараша күні өтті. Іріктелген 20 команда өз жобаларында экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.
📝Бұл фестивальда су тапшылығы,балама энергияны қолдану, мектеп ауласын көгалдандыру, күн энергиясын қолдану, қағаз қалдықтарын өңдеу, көкөністер өсіретін жылыжай, қала ішіндегі саябақтың су қоймасын балдырлардан тазарту атты тақырыптар бойынша мәселелер қозғалды.
🔗Осы фестивальға қатысқан 20 команданың ішінен 5 команда жеңімпаз атанды. Олар Орал облысының «Натуралисты ЗКО» және «Grean» командалары, Абай облысы Аягөз қаласының «Transformers», Қостанай облысының «Ecopaper», Астана облысының «Ecoteam» командалары.
🔶Абай облысы Аягөз ауданының атынан қатысқан «Transformers» тобының көтерген мәселесі - қар және жаңбыр суларын тазартып, пайдалану. Жоба мақсаты мектеп ауласында су резервуарларын қолданып, мектепті ауыз су және шаруашылық қызметке арналған сумен қамтамасыз ету.Жоба жасау барысында оқушылар мектептің 3D моделін және қар күрейтін робот үлгісін ұсынды. Бұл жобаға жетекшілік еткен информатика пән мұғалімдері, педагог –зерттеуші, оқушылары облыс, республикалық конкурстардың жеңімпаздары.