Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Шығармашыл оқушылар арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өткізіледі

Шығармашыл оқушылар арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өткізіледі

Дарын Орталығы

📣2025 жылдың 20 қазан күні шығармашыл оқушылар арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
Өтетін орны: Семей қаласы, «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Ұшақтар шағын ауданы, 1.
📝Мақсаты мен міндеті:
8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік кызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық кырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу.
Байқау 6 номинация бойынша өткізіледі:
1) Шешендік, білгірлік сайысы;
2) Көркемсөз оқу;
3) Эссе жазу;
4) Ұлттық аспапта өнер көрсету;
5) Ақындар айтысы;
6) Ақындар мүшәйрасы.
📞Қосымша ақпарат үшін байланыс тел: 87082397024