«Суды үнемдейік» экочелленджі және «Су-тіршілік көзі» тақырыбында іс-шаралар өткізілді

Дүниежүзілік су ресурстары күні
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде және экологиялық тәрбиені дамыту жөніндегі жол картасын іске асыру мақсатында Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес барлық білім беру мекемелерінде «Суды үнемдейік» экочелленджі және «Су-тіршілік көзі» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. «Судың маңызы және оны қорғау», «Су тамшыдан мұхитқа» «Судың адам өміріндегі маңызы», «Су құрылымы-табиғаттың сұлулығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, қоғамдық жерлерде және үйде суды үнемдеу бойынша мектеп оқушылары видеороликтер дайындап, аумақтық экология басқармасының мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Өкпеті орта мектебі» КММ, Жаңасемей ауданы білім бөлімінің «Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Озерки ЖОББМ» КММ, Жарма, Мақаншы аудандарының білім беру мекемелері аса белсенділік танытты.