Т.Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына математикадан облыстық олимпиадасы өткізіледі

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

-дарынды жастарды іріктеп тарту, облыстың дарынды оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін дамыту, математика саласындағы білімдерін тереңдету;

- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

- тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиада II кезеңде өткізіледі:

1) бірінші – аудандық (іріктеу) кезең -2025 жылдың 18 қыркүйегіне дейін;

2) екінші – облыстық кезең -2025 жылдың 01 қазанында.

Облыстық кезеңнің өтетін орыны: Семей қаласы, «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, мекен-жайы: Торайғырова 121а.