Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына математикадан облыстық олимпиадасы өткізілетінін хабарлайды

Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына математикадан облыстық олимпиадасы өткізілетінін хабарлайды

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына математикадан облыстық олимпиадасы өткізілетінін хабарлайды.

🔻Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
-дарынды жастарды іріктеп тарту, облыстың дарынды оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін дамыту, математика саласындағы білімдерін тереңдету;
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
- тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.
🗓️Олимпиаданың өтетін күні: 2025 жылғы 01 қазан.

🛎️Олимпиаданың ашылуы – 09:00 –де;

⏳Олимпиаданың басталуы сағат - 09.30-да;

🕰️Олимпиаданың жабылуы сағат – 15:30-да.

🔻Олимпиаданы жариялауға қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына математикадан облыстық олимпиадасына сағат 9-00-де шақырамыз.
Мекен жайы: Семей қаласы, «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, мекен-жайы: Торайғырова 121, «Дарын» ДпҚББД ОҒӘО, тел: 87751391282, e-mail: daryn_abai@ mail.ru.
 

2025 жылғы 1 қазанда сағат 9.00-де «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында (Семей қаласы, Торайғыров көшесі,121 үй) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Амановтың құрметіне 9-11 сынып оқушылары арасында өтетін математикадан олимпиада аясында математика мұғалімдеріне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинар ұйымдастырылады.