Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Т.И.Амановтың құрметіне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинары өтеді.

Т.И.Амановтың құрметіне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинары өтеді.

Дарын Орталығы

2025 жылғы 1 қазанда «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Амановтың құрметіне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинары өтеді.
🔻Іс-шараның мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды қалыптастыру үшін олимпиада тапсырмаларын шешудегі озық тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату.
🔻Міндеттері:
- дарынды педагогтер туралы деректер жинау және құру;
- олимпиада резервтерін қалыптастыру.
Семинарға математика мұғалімдері қатысады.
Өту мерзімі: 2025 жылдың 1 қазаны , басталуы сағат 9.00-де;
Қатысушыларды тіркеу: сағат 8.00-9.00 аралығында
Мекен-жайы: Семей қаласы, Торайғыров көшесі,121 үй