«Табыс формуласы» атты қабілетті және талантты балалармен жұмыс жасау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау мақсатында аймақтық онлайн-байқауы өткізіледі.

бай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 05 мамырында «Табыс формуласы» атты қабілетті және талантты балалармен жұмыс жасау бойынша үздік тәжірибелерді анықтау мақсатында аймақтық онлайн-байқауы өткізіледі.
 

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- интеллектуалдық, шығармашылық және спорттық қабілеттерін танытқан балалармен жұмыс жасау бойынша педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;
- қабілетті және талантты балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың қызметін жетілдіру;
- балалармен жұмыс жасау бойынша бағдарламалық-әдістемелік қамтудың сапасын арттыру;
- қосымша білім беру жүйесін жобалау тәжірибесімен бөлісу;
- қабілетті және талантты балалармен жұмыс жасау бағытындағы педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
- қабілетті және талантты балаларды қолдауға бағытталған жалпы білім беру және жалпы дамыту бағдарламаларын жүзеге асыратын педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

✓ Қатысу үшін шектеу қойылмайды.


✓ Байқау: 2025 жылғы 05 мамырда, қашықтықтан өтеді.
✓ Жұмыстар 26 сәуірге дейін қабылданады.