Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

"Таза мектеп-таза аймақ" акциясы өтті

"Таза мектеп-таза аймақ" акциясы өтті

Дарын Орталығы

🍃Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) — бұл бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды қоршаған ортаны тазартуға жұмылдыратын жаһандық экологиялық акция.

🌴«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Дүниежүзілік тазалық күніне орай ағымдағы жылдың 15-20 қыркүйек аралығында «Таза мектеп-таза аймақ» акциясы ұйымдастырылды.

Әр азамат өз өлкесінің тазалығына, көркемдігіне жанашырлықпен қарау арқылы өзінің жауапкершілігін танытатын, ластанған аумақтарды қалдықтардан тазартуға, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция.

🔹Акцияның мақсаты: Қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

📎Акцияға жалпы білім беру ұйымдарының 6151 еріктілер тобы және «Жасыл клуб» мүшелері қатысты.

Акция барысында:

✓ елді мекенде аулалар мен көшелерді тазалау;
✓ тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары;
✓ мектеп аумағын тазарту;
✓ табиғи жерлерді қоқыстардан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

🌱Қоршаған ортаға қамқорлық жасау – ортақ міндетіміз!
Табиғатты аялау мен оны қорғаудың маңыздылығын ісімен дәлелдеп, экологиялық акцияға белсене ат салысқан еріктілер тобы мен «Жасыл клубтың» белсенді мүшелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
🍃Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен еңбектеріңіз – туған өлкенің табиғатын сақтау жолындағы үлкен қадам. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңіз, азаматтық белсенділіктеріңіз және ұйымшылдықтарыңыз арта берсін!