«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль- байқауының облыстық кезеңі өтті

🔖Фестиваль-байқаудың міндеттері:
- балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметінің сапасын арттыру;
- өзін-өзі көрсетудің, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінудің бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
- сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен балалар мен жастар театр ұжымдарын, дарынды орындаушылар мен кәсіби педагогтарды, балалар мен жастар театр ұжымдарын ұйымдастырушыларды анықтау;
- балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруды ынталандыру; балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға
жәрдемдесу;
- балалар мен жастар театр ұжымдары арасындағы шығармашылық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

🔗Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
▫️«Драмалық спектакль»;
▫️«Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, балет, данс- спектакль және т.б.);
▫️«Әдеби-музыкалық композиция»;
▫️«Қуыршақ қойылымы».

🏆БАС ЖҮЛДЕ
•Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Өнер мектебі» КМҚК;

🥇І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
•Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Мектеп жанындағы интернаты бар №6 ЖОББМ» КММ;

🥈ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
• Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Шығармашылық үйі» КМҚК;
•Семей қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК;

🥉ІІI ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
•Үржар ауданы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ;

🔻НОМИНАЦИЯ ТІЗІЛІМІ
▫️«Жас өрен» номинациясы Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ;

▫️«Үміт» номинациясы Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимазиясы» КММ.

Барлық қатысушылар сертификатпен марапатталды!