Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Туған өлкемнің табиғаты» атты челленджі өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

«Туған өлкемнің табиғаты» атты челленджі өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Дарын Орталығы

«Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК жоспарына сәйкес 2025 жылдың 21-29 сәуірінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Туған өлкемнің табиғаты» атты челленджі өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
 

Мақсаты: Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту; шығармаларды жастар арасында насихаттау; оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерінің әсемдік, әдемілік сипаттарын тануға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
 

Ережелері:
1. Қатысушылар Абай Құнанбаевтың табиғаттың маңыздылығын және оның адам өміріндегі рөлін көрсететін табиғатқа байланысты өлеңдерін және шығармаларын орындап, бейнеролик жасайды.
2. Бейнероликты «Facebook», «Tik-tok», «Instagram» әлеуметтік желілерде #Абай_180жыл хэштегімен жариялайды.

Барлық білім алушыларды челленджге ат салысуға шақырамыз!