Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Ұлттық мектеп лигасы аясында Асық атудың «Бес табан» (ұлдар), «Бес асық» (қыздар) жарысының облыстық кезеңі өтті

Ұлттық мектеп лигасы аясында Асық атудың «Бес табан» (ұлдар), «Бес асық» (қыздар) жарысының облыстық кезеңі өтті

Дарын Орталығы

✅2026 жылдың 03-05 ақпаны аралығында Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Семей қаласы «№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ спорт залында Ұлттық мектеп лигасы аясында Асық атудың «Бес табан» (ұлдар), «Бес асық» (қыздар) жарысының облыстық кезеңі өтті.

🔰Лигаға қала, аудандардан 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сыныптар арасынан Асық атудың «Бес асық» түрінен 29 команда, 89 спортшы, «Бес табан» түрінен 31 команда, 66 спортшы, жарысқа жиыны 60 команда 155 спортшы қатысты.

⚜️Жарыс нәтижесі:
5-6 сыныптар арасында Бес табан (ұлдар):
🥇- орын Жарма ауданы «Васильковка негізгі мектебі» КММ
🥈- орын Семей қаласы «№22 ЖОББ мектеп- лицей» КММ
🥉- орын Аягөз ауданы «№5 ЖОББМ» КММ

7-8 сыныптар арасында Бес табан (ұлдар):
🥇- орын Жарма ауданы «Васильковка негізгі мектебі» КММ
🥈- орын Аягөз ауданы «№5 ЖОББМ» КММ
🥉- орын Мақаншы ауданы «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ

9-11 сыныптар арасында Бес табан (ұлдар):
🥇- орын Ақсуат ауданы «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ
🥈- орын Жарма ауданы «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
🥉- орын Үржар ауданы «Егінсу орта мектеп-бақшасы» КММ

5-6 сыныптар арасында Бес асық (қыздар):
🥇- орын Жарма ауданы «Васильковка негізгі мектебі» КММ
🥈- орын Ақсуат ауданы «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ
🥉- орын Көкпекті ауданы «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

7-8 сыныптар арасында Бес асық (қыздар):
🥇- орын Жарма ауданы «Васильковка негізгі мектебі» КММ
🥈- орын Ақсуат ауданы «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ
🥉- орын Көкпекті ауданы «І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

9-11 сыныптар арасында Бес асық (қыздар):
🥇- орын Жаңасемей ауданы «Бұлақ ЖОББМ» КММ
🥈- орын Жарма ауданы ««Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
🥉- орын Үржар ауданы «Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ

🙌Жарыста төрелік еткен төрешілерге алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!👏