Ұлттық мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңі өтеді
⚽️Ұлттық мектеп лигасы жарысының облыстық кезеңі өтеді
🏐Мақсаты: оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
🥏Міндеттері:
-білім алушылар арасында бұқаралық спорт түрлерін танымал ету және спортта дарынды балаларды анықтау;
- мектеп оқушылары арасында спорт түрлері (баскетбол, футбол, футзал, волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық, жеңіл атлетика, үстел теннисі) бойынша тұрақты спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Өтетін мерзімі: 2026 жылдың 19 қаңтар 09 cәуір аралығы.
Қатысушылар: Абай облысының қалалық, аудандық жалпы орта білім беретін мектептердің 5-6; 7-8; 9-11 сыныптарының Ұлттық мектеп лига жарысының жеңімпаздары.
Ұйымдастырушы: Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК.