«Ұлттық мектеп лигасы» жарысының жеңіл атлетикадан республикалық кезең өтті

2025 жылдың 15–17 маусым күндері Алматы қаласында 5–6 сынып оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» жарысының жеңіл атлетикадан республикалық кезең өтті. Жарысқа еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан 15 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысы Білім басқармасының Жаңасемей ауданы білім бөлімінің«Озерки жалпы орта мектебі».КММ-нің қыздар командасы жүлделі II орынды иеленді.

Команда құрамында қатысқан оқушылар:

– Сейткұлова Рауза (6 «Б» сынып)

– Мокшенинова Варвара (6 «Б»сынып)

– Мұратбек Анель (6 «Б» сынып)

– Молдағалиева Ислана (6 «Б» сынып)

– Бусыгина Рамина (5 «Б» сынып).

Команданың жаттықтырушысы және жетекшісі – Каримов Ринат Жаудатович.