Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Ұлттық мектеп лигасының Шахмат жарысының облыстық кезеңі өтті

Ұлттық мектеп лигасының Шахмат жарысының облыстық кезеңі өтті

Дарын Орталығы

✔️2026 жылдың 10-12 ақпан аралығында Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Семей қаласы «№ 7 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ спорт залында Ұлттық мектеп лигасының Шахмат жарысының облыстық кезеңі өтті.
⏩️Лигаға қала, аудандардан 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сыныптар арасынан 16 команда, 64 спортшы қатысты.
🔗Жарыс нәтижесі:
5-6 сыныптар арасында:
🥇- орын Семей қаласы «Экономикалық лицей» КММ
🥈- орын Жарма ауданы «Бақыршық орта мектебі» КММ
🥉- орын Үржар ауданы «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ
7-8 сыныптар арасында:
🥇- орын Үржар ауданы «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ
🥈- орын Мақаншы ауданы «С. Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ
🥉- орын Семей қаласы «№43 ЖОББМ» КММ
9-11 сыныптар арасында:​
🥇- орын Үржар ауданы «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ
🥈- орын Семей қаласы «№18 ЖОББМ» КММ
🥉- орын Аягөз ауданы «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
Жарыста төрелік еткен төрешілерге алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз🥳🥳