Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

“ Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек” тақырыбымен 9-11сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде бірыңғай диктант өткізілді

“ Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек” тақырыбымен 9-11сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде бірыңғай диктант өткізілді

Дарын Орталығы

2025жылғы 5 қыркүйек күні Абай облысы білім басқармасының барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тілдері мерекесіне орай, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “ Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек” тақырыбымен 9-11сынып оқушылары арасында мемлекеттік тілде бірыңғай диктант өткізілді.
📎Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы ролін нығайту.
📎Міндеттері:
-диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру;
- мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға ықпалын арттыру;
- - ұлы тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету.
- Диктант жазуға жалпы білім беретін ұйымдар мен мамандандырылған мектептердің барлық оқушылары ниет білдірді.
- Аталған шара азаматтардың мемлекеттік тілге құрметін арттырып, білім алушылардың тілдік мәдениеттілігін жетілдіруде ықпалы зор болды.