Конференцияның мақсаты: Қазақстанда шахматты дамытудың кешенді жоспарын енгізу тәжірибесін жинақтау.
Бірінші күні келесі мәселелер қаралды:
- Білім беру шахматы жаһандық тренд ретінде;
- Шахматтың дағдыларды дамытудағы рөлі;
- Мектепте шахматты енгізудің халықаралық тәжірибесі;
- Шахмат педагогтарын даярлау.
АҚШ, Джерри Нэш - FIDE «Шахмат және білім» комиссиясының төрағасы; Армения, Ваган Саркисян - шахмат ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жетекшісі; Түркия, Озур Солакаглу - іс-шаралар инспекциясының бас маманы; Испания, Марта Амиго Виларта-Каталония шахмат федерациясының екінші вице-президенті; Венгрия, Рита Аткинс - FIDE «Білім берудегі шахмат» комиссиясының хатшысы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Екінші күні, сабақтардағы шахмат және мектептерге арналған онлайн құралдар жөніндегі шеберлік сабақтары өтті. Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.