
«Ustaz CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «OzgerTeam» қоғамдық қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2025 жылдың 26-28 қыркүйек күндері аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің қабырғасында мектеп мұғалімдері арасында «Ustaz CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 20 команда (40 педагог) қатысты.
🔸 Семей қаласы білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ «Кел, балалар, оқылық!» пікірсайыс клубының жетекшісі Бинұр Ахатқызы республикалық пікірсайыс турнирінде «Үздік спикер» номинациясы мен қаржылай сыйлыққа ие болды.
Құттықтаймыз