Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Үздік мектеп медиа жобасы» облыстық байқауы өткізіледі

«Үздік мектеп медиа жобасы» облыстық байқауы өткізіледі

Дарын Орталығы

🔊🔊Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы ағымдағы жылдың 26 қаңтар – 25 наурыз аралығында «Үздік мектеп медиа жобасы» облыстық байқауы өткізілетінін хабарлайды.🔊🔊
🔹Мақсаты:
- оқушылар арасында мектеп журналистикасы мен медиа шығармашылығын насихаттау;
- педагогтердің мектеп БАҚ-ын құру және дамыту саласындағы инновациялық қызметін ынталандыру;
- медиапедагогтар кәсіби қауымдастығын қалыптастыру және үздік тәжірибе алмасу;
- жалпы білім беру ұйымдарында медиа білім сапасын және тиімділігін арттыру;
- білім беру процесіне қатысушылардың ақпараттық мәдениеті мен медиа сауаттылығын арттыру.
Қатысушылар:
- медиажобаларды жүзеге асыратын балабақша ұйымдарының қызметкерлері;
- медиа білім беру саласында қызмет атқаратын қосымша білім беру педагогтері;
- мектеп медиа орталықтарының, баспасөз-орталықтарының, мектеп БАҚ редакцияларының жетекшілері;
- білім беру ұйымдарындағы медиажобаларды қадағалайтын ұйымдастырушы педагогтер.
«Үздік мектеп медиа жобасы» облыстық байқауының ережесін Abaidaryn.kz сайтынан алуға болады.
🔹Қатысушылар конкурсқа қатысуға өтінімдер мен қатысушылардың жұмыстары 2026 жылғы 26 қаңтардан 27 ақпанға дейін daryndy_anyktau_kolday@mail.ru эл.пошта бойынша қабылданады.

📞Анықтама телефоны: 87028515988 Нуркасымов Дархан Тлеугазыевич
Конкурстың өткені жайлы ақпарат abai_daryn_ortalygy инстаграмында жарияланады.