«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі
2026 жылдың 26 ақпан күні жалпы орта білім беретін 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
📍 Өтетін орны: Семей қаласы, «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
👥 Қатысушылар: Байқауға әрбір аудан/қала және облыстың мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 5 жеңімпаз оқушы (әр бағыт бойынша 1 оқушы) ұсынылады.
🏆 Байқау 5 бағыт бойынша өткізіледі:
1️⃣ «Ілияс – эпик ақын» – шығарманы жалғастыру номинациясы
2️⃣ «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар номинациясы
3️⃣ «Ілияс – қарасөз шебері» – көркемсөз оқу номинациясы
4️⃣ «Сұлу сөздің сүлейі» – шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы
5️⃣ «Заманның заңғар тұлғасы» – буктрейлерлер номинациясы
📞 Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 87082397024 @rspc_daryn @rumcdo.kz @abai.bilim.basqarmasy