«Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» DARYN EDUEVENT республикалық фестивалі өтті

Іс-шараның мақсаты – ғылым-білім беру алаңдарында педагогикалық білім беру саласындағы зерттеулер мен инновациялардың нәтижелерін тарату.

🔖Абай облысынан Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ерлер лицей-интернатының оқу ісінің орынбасары Омирбекова М.Қ., тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Махметов С.С., педагог-психолог Балпашова Г.Ж. «Жаңа Қазақстанның тірегі - айбынды Жас Ұлан» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

🔻Сонымен қатар фестивальге «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Мәкенова Н.Б., психолог - Қабышева Л. және Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің педагог-психологі Жумагалиева А. қатысты.

🔗Республикалық DARYN EDUEVENT ғылыми жобаны талқылаумен және қорытындылаумен аяқталды. Іс-шараға қатысушылар Бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы мен уақтылығын, сондай-ақ оны дарынды балаларды психологиялық және педагогикалық қолдауда пайдалану қажеттігін атап өтті.