«Заңды сақтау неге маңызды?» облыстық эссе конкурсы онлайн өтті
Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білімберуді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында «Заңды сақтау неге маңызды?» облыстық эссе конкурсы онлайн өтті.
Конкурстың мақсаты - жас ұрпақтың арасында заңға құрметпен қарау және заңсыз әрекеттердің алдын алу мәдениетін қалыптастыру.
Байқауға Абай облысының Үржар, Аягөз, Жанасемей, Жарма, Ақсуат, Бородулиха, Мақаншы, Көкпекті, Бесқарағай аудандарымен Семей қаласының 9-10 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша 120 оқушы жүлдегер атанды.
Облыстық байқаудың жүлдегерлері мен жетекшілерін марапаттарымен құттықтаймыз.
Ата-аналарға балаларына қолдау көрсетіп, шығармашылықтарын дамытқандары үшін алғыс білдіреміз.