«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін өткізді
⚜️Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 23 қазанда 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
📚Негізгі мақсаты – Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
🖇️Облыстық кезеңге қалалық және аудандық мектептерден 320 дан астам оқушы қатысты.
Жеңімпаздар тізімі abaidaryn.kz сайтында орналастырылған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!🥳