
«Жануарларға сүйіспеншілікпен» челленджі ұйымдастырылды
🌍Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметі бойынша, жер бетінде сағат сайын жануарлардың үш түрі жоғалады, планетаның флорасы мен фаунасының 70 түрі күн сайын жойылады.
🔷Жануарлар дүниесін қорғап, сақтау және мейірімділік таныту мақсатында оқушылар арасында Халықаралық жануарларды қорғау күніне орай, «Жануарларға сүйіспеншілікпен» челленджі ұйымдастырылды.
📌Оқушылар челлендж өткізу кезеңі ішінде:
- Орман қорын қорғау, су қоймаларының жағалауларын тазарту, жабайы және үй жануарларына қамқорлық жасау;
- Жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас;
- Қоршаған ортаны сақтауда жануарлардың үлесі;
- Жануарларға қамқорлық танытып, өсімін молайту, тиімді пайдалану мәселелерін қозғап, жануарлар дүниесін қорғауға шақырды.
Жаңасемей ауданы «Шаған кентінің №24ЖНББМ» КММ оқушысы Заманбеков Жәнібек, Семей қаласы « №41 ЖОББМ» КММ оқушысы Маратова Мадина, Жарма ауданы «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ оқушылары Архат Айша,Токтамыс Айзере, Жаңасемей ауданы «Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Қасым Олжас, Қуатов Шахназар үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін, қамқорлықтарын көрсетті. Жарма ауданы, “Абай атындағы мектеп-балабақша кешені” КММ оқушысы Әділхан Ақбота жойылып кету қаупі бар жануарларды қорғауға шақырып, оқушылар арасында іс-шаралар ұйымдастырып, белсенділік танытты.
🔷Челленджге аса белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдіреміз!👏