Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиада өтілетіні жөнінде хабарлайды.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
▫️ Орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
▫️Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

🔹Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

🔻Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі

▫️1) бірінші (облыстық) кезең -2023 жылғы 03 қазан;
▫️2) екінші (іріктеу) кезең -2023 жылғы 20 қазан;
🔘1 тур (қашықтық)
🔘2 тур (шығармашылық) – қашықтық турды өткізу күні;
▫️3) үшінші (республикалық) кезең

📌Екінші (шығармашылық) турға қатысушылар 45 минут ішінде 1 беттен аспайтын көлемде эссені оқу тіліне байланысты жазады.

📚Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төмендегі төрт пән бойынша тапсырмаларды оқу тілінде орындайды: математика, физика, химия және биология.

🔻Қатысушылардың жұмысын объективті бағалауды қамтамасыз ету, сонымен қатар академиялық әділеттілік пен ашықтықты сақтау және өткізу мақсатында Олимпиада Ютуб каналында тікелей трансляция арқылы көрсетіледі.