
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVIІІ Президенттік олимпиаданың екінші іріктеу кезеңі өтеді
Дарын Орталығы
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне бұрын соңды республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Олимпиаданың бірінші (облыстық) кезеңіне 50-ден астам оқушы қатысып, оның ішінде 20 оқушы екінші (іріктеу) кезеңіне өтті.
1) Екінші (іріктеу) кезеңі екі турда өткізіледі:
- І тур –2025 жылдың 21 қазанында сағат 10.00-де;
- ІІ тур (шығармашылық, эссе жазу) - сол күні сағат 12.00 - де өткізіледі.
Өтетін орны: «Экономикалық лицейі» КММ базасында өтеді.
Мекен жайы: Семей қаласы, Кабылбаева, 32.
Ескерту: қатысушыларды тіркеу 8:00-9:30-ға дейін.