«Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалінің өткізді
⚜️«Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК 2025 жылға арналған іс-шаралары жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 28 қазанда қашықтықтан облыстық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалінің өткізді.
🔗Өнер додасына облысымыздың Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Мақаншы, Үржар аудандарынан «Жас сарбаз» қозғалысының 78 тәрбиеленушілері қатысты.
🏛️Облыстық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер Фестивалінің жеңімпаздары қазылар алқасы анықтады:
«Орындаушы-вокалист» аталымы бойынша:
I ОРЫН
Мақаншы ауданы, «Ә. Найманбаев атындағы ОМ» оқушысы Игенберді Балерке
Жарма ауданы, «Георгиевка ОМ» оқушысы Қалижаров Олжас
II ОРЫН
Аягөз қаласы, «№6 ОМ» оқушысы Аубакирова Айзере
Мақаншы ауданы, Қабанбай ауылы «Жарбұлақ ОМ» оқушысы Мақсұтбек Ақнұр
Аягөз қаласы, «№5 ЖОББМ» оқушысы Қызырова Наргиза
Семей қаласы, «Ә. Бөкейхан атындағы №39 ЖОББМ» оқушысы Қалым Баян
Аягөз ауданы, «К.Бозтаев атындағы қазақ-мектеп гимназиясының» оқушысы Ақылжан Ақнұр
III ОРЫН
Семей қаласы, «№19 ЖОББМ» оқушысы Медет Ильсияра
Аягөз ауданы, «К.Бозтаев атындағы қазақ-мектеп гимназиясының» оқушысы Баянова Іңкәр
Семей қаласы, Дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының»: «Батырлан ұраны» триосы.
«Фольклорлық орындаушылар» аталымы бойынша:
IІ ОРЫН
Аягөз қаласы, «№6 ОМ»: «Тұран» тобы
«Вокалдық-аспаптық ансамбль» аталымы бойынша:
IІI ОРЫН
Семей қаласы «№19 ЖОББМ»: «Ұлан дауысы» тобы
«Патриоттық әнді үздік орындау» аталымы бойынша:
Мақаншы ауданы, Мақаншы ОМ оқушысы Бауыржан Бақжол
Семей қаласы Дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей- интернаты» оқушысы Даулетканов Сұлтан Али
Бұл Фестивальде әрбір үміткер өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік алғанына, ал олардың орындауындағы тамаша әндер әскердің беделін арттыруға және әскери кәсіптің имиджін нығайтуға қызмет ететініне сенімдіміз.
Облыстық Фестивалінен жүлделі орын алған жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!