Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті

📘РҒПО «Дарын» ұйымдастыруымен 2023 жылғы 30-31 қазан күндері Ақтөбе қаласында «Білім – Инновация лицейі» КММ базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.

🟥Негізгі мақсаты:
▫️- өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау;
▫️- туған өлке тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;
▫️- оқушылардың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен ізденулерін қолдау;
▫️- туған жеріне, өз қаласына, ауылына деген махаббатын зерделеу арқылы достарына түсіндіру.

📒Конкурсының республикалық кезеңін өткізу барысында қатысушылар:
▫️І тур - Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тест орындады;
▫️ІІ тур төрт номинация бойынша өтті:
🔶- «Менің шағын Отанымның тарихы» бейнерепортаждау форматында өз елді мекенінің тарихын ашты.
🔶- «Шағын Отанымның символы» бейне презентациялау арқылы өз елді мекенінің таңдауын және шағын Отанына деген сүйіспеншілік бейнесінің бірегейлігін дәлелдеді;
🔶- «Менің шағын Отанымның болашағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынды:
🔶- «Менің туған өлкем» тақырыбында өз елдімекен туралы эссе жазды.

🏆Абай облысының намысын қорғаған оқушылар жүлдегер атанды👇🏻

🔵Әскер Нұрай "Шәкәрім атындағы √5 гимназия , 10 сынып оқушысы жүлделі 🥈ІІ орын "Менің шағын Отаным ның символы" номинациясы бойынша smart- сағат, 20.000 теңге.

🔵Даулет Айзере "Семей қаласының √ 6 гимназия 9 сынып оқушысы " Менің өлкем" эссе жазу номинациясы бойынша жүлделі 🥉ІІІ орын мен 10.000 теңге және құлаққап иеленді.

🔵Жұмабай Ерасыл "Білім- Инновация лицей" 10 сынып оқушысы "Менің шағын Отанымның тарихы" номинациясы бойынша грамота;

🔵Ермұқан Айназ "Шәкәрім атындағы √ 5 гимназия , 10 сынып оқушысы "Менің шағын Отанымның болашағы" номинациясы бойынша грамота жеңіп алды.