Жайдарлы жаз мезгілінің жайма шуақ күндері оқушылардың көңіл-күйіне ерекше әсер ететіні анық. Осы орайда 2024 жылы жазғы демалыс кезінде Абай облысында балалардың сауықтырылуын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Жобалардың жазғы маусымдағы мақсаттары:
«Туристік өлке» жобасының мақсаты: Екі бағыттан тұрады Туристік, Өлкетану.

Туристік бағытта балаларға Абай облысының географиясы, тарихы, табиғаты туралы білімдерін кеңейту Туристік жасақтарының мүшелерімен кездесу барысында ойындар арқылы туристік дағдыларын, экологиялық мәдениетін дамыту.

Өлкетану бағыты бойынша оқушыларды адам, табиғат, қоғам туралы ең қажетті, тиімді жалы біліммен қаруландыру. Өз жердің тарихын жете білу. Отанымыз үшін бұл зор үлес болып саналады. Оқушылар арасынан шыққан өлкетанушылар туған өлкелерінің тамаша білімпазы болулары тиіс.Өлкетану жасақтарына әдістемелік көмек көрсету.

▫️«Спорт көшбасшысы» жобасының мақсаты: дене шынықтыру және спортпен белсенді айналасуға тарту, спорт көшбасшыларының қызметін үйлестіру.

▫️«Fun Kids» жобасының мақсаты: балалалардың танымдық шығармашылық іс әрекеттерге негізделген тұлғаның өзін-өзі дамыту жолдарын көрсету. Оқушыларға «Easy Games» ойынын ұйымдастыра отырып түрлі логикалық, эстафеталық ойындар арқылы қызығушылықтарын арттыру.

📌Арнайы ойындар арқылы оқушыларды демалыс күндерін таза ауада ұйымдастыру жолдарымен таныстырды. Барлық іс шаралар нәтижесі бойынша балаларға кітаптар мен сыйлықтар таратылды.