Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Жеңіске жету траекториясы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті

«Жеңіске жету траекториясы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті

Дарын Орталығы

🏛️Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми- әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес «Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы аясында жеңімпаз оқушылармен «Жеңіске жету траекториясы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Іс-шара онлайн форматта Google Meet платформасында өтіп, Абай облысынан 1200 жуық оқушы қатысты.

💻Онлайн-кездесу жеңімпаз оқушыларды ұлықтау, қолдау, олардың жеңіс жолындағы өз іс-тәжірибесін тыңдау, ой алмасу, тыңдарман оқушылардың мотивациясын арттыру.мақсатында жүргізілді.

🔗Кездесудің ұйымдастырушылары Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми- әдістемелік «Дарын» орталығының дарынды анықтау және қолдау зертханасының басшысы Нуркасымов Дархан Тлеугазыевич пен педагог-психологі Тлеубердиева Назгуль Дюсуповна RedX Media жобасы аясында халықаралық, республикалық деңгейдегі жеңімпаз, жүлдегер дарынды оқушыларды, олардың жетекшілерін қолдау, ұлықтау мақсатында жүргізілетін 2 шағын сторителлинг рубрикасымен таныстырды:

«Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы, «Дарынды оқушы – білікті ұстаздан» жобасы.
Онлайн-кездесуде Абай облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты» КММ физика пәні мұғалімі, кәсіби бағдар беруші Тохтарханов Нұралы Нұрхатұлы мен 10 сынып оқушысы Оспанғали Ернұр, Семей қаласы білім бөлімінің. «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы» КММ директордың бейіндік пәндер бойынша орынбасары Бимбетова Алуа Нурлыбековна мен 6 сынып оқушысы және «Татар өнер мектебі» КМҚК 3 сынып оқушысы Қажимурат Музаффар, Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Кайырбекова Арайлым Сайлаубековна мен 11-сынып оқушысы Оралбекқызы Асылжан қатысып, өз-тәжірибелерімен, жеңіс жолындағы ізденіс жолдарымен бөлісті.