Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес, 10 сәуірде Абай облысы білім басқармасы Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Николай Островский атындағы орта мектебі» КММ базасында Жетістікке жол» жобасы аясында «География сабағында мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындаудың жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындаудың үздік тәжірибені жинақтап, тарату.
Міндеттері:
- озық тәжірибелі педагогтердің базасын құру;
- мектеп оқушыларының ғылыми қоғамының жұмысын жүйелендіріп, жетілдіру;
- олимпиада резервтерін қалыптастыру.
Семинарға облыстың білім беру ұйымдарынан 40-тан аса география пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында олимпиада есептерін шешудің тиімді стратегиялары, жасанды интеллект және география, геоинформатика және география, географиядан далалық әдістер, ғылыми ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру және авторлық бағдарлама құрастыру жайлы өзекті мәселелер талқыланды.
Секция жұмысы «Тәжірибеге бағытталған география: цифрлық құралдар, пәнаралық интеграция, жаһандық құзыреттер» бағытында жұмыс жасап, педагогтердің озық іс-тәжірибелерімен алмасуына мол мүмкіндік туғызды.
Іс-тәжірибесімен бөліскен төмендегі спикерлерге және қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз:
-Бодомбаев Саят Бирканович, география мұғалімі;
- Калиева Кульдария Женисовна, география мұғалімі;
- Черепанова Евгения Петровна, математика мұғалімі;
- Мамырбекова Галина Николаевна, информатика мұғалімі;
- Каербекова Екатерина Михайловна, информатика мұғалімі;
- Шаукенов Амир, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 2 курс студенті, география пәнінен республикалық олимпиаданың жүлдегері (2023 ж);
- Шваб Елена Александровна, психолог;
- Солтангазина Раила Аманжоловна, психолог;
Аталған мектеп түлегі, география пәнінен республикалық олимпиаданың жүлдегері, Шаукенов Амир білім алып жатқан С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің профессорлық және оқытушылық құрамына, Бородулиха ауданының білімбөліміне, «Н. Островский атындағы орта мектебі» КММ педагогикалықұжымына оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын үйлестіруге үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз.
Осы сілтеме арқылы сертификаттарды жүктей аласыздар:
https://drive.google.com/drive/folders/1J82gkoYr1N1LfxIroq3D0gXDTrUtLsuG?usp=sharing
https://drive.google.com/drive/folders/1J8LmXM6oqd2DKEo1hfWQHt3olcAAubPC?usp=sharing