«USTEM Robotics – Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен чемпионатта еліміз бойынша 140 команда бақ сынасқан болатын. Абай облысының намысын қорғап Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия оқушылары мен Электротехникалық колледж студенттері қатысып Әлем чемчионатына жолдама алған.
