Аубакирова Алма Медетовна

Аубакирова Алма Медетқызы – "Абай облысы Семей қаласы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі. 1961 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1984 жылы Семей қаласындағы педагогикалық институтты математика пәні мамандығы бойынша аяқтады.
1984-1986 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы Т.Аманов атындағы орта мектепте тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары.
1986 жылдың тамызынан 1986 жылдың қазанына дейін Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы «Құндызды» орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі.
1986-1988 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы «Құндызды» ауылында комсомол ұйымының хатшысы.
1988-1995 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы «Құндызды» орта мектебінде директордың тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары.
1995-1998 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы «Қуаныш» жеке меншік мектебінде оқу ісінің меңгерушісі.
1998-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы № 37 гимназияда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2005 -2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы білім бөлімінің бас маманы.
2007 - 2023 жылдар аралығында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
 «Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор болып қызмет атқарды.
«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің иегері, ел басы Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына» арналған мерекелік медальмен, педагогикалық қызметтегі табыстары үшін Ы.Алтынсарин төс белгісімен, «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл» мерекелік белгісімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.