Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна, бастауыш сынып мұғалімі.Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна – бастауыш сынып мұғалімі, еңбек өтілі 35 жыл, жоғары санатты, шебер (мастер), 1964 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық университетін «Педагогика және бастауыш мектеп оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген.
«Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» медальмен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының, Білім бөлімінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Математика пәнінен Республикалық «Бастау» математикалық турниріне оқушылары қатысып жүлделі «Бас бәйге» және І, ІІорындарды иеленген. Оқушылары қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика пәндерінен облыстық олимпиадада 1,2 орын жеңімпаздары.
2017-2018 оқу жылында шәкірттері Мақсатұлы Хақназар, Бейбітбекова Айша, Нұрғазин Арнұр, Қыдырхан Шынар «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының облыстық І орын, ХІІІ республикалық кезеңінен жүлделі І орындарды иеленді.
Сексенбаева Сауле Кенжегалиевна – жаңашыл, шығармашылықпен қызмет атқаратын озық тәжірибелі ізденімпаз ұстаз. Американдық авторлар Д.Стиль, К.Мередит, Ч.Темпл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы бойынша жұмыс істейді. Оқушылардың ойлау қабілеттерінің ерекшелігін ескере отырып, өзінің әдістемелік іс-әрекетін «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жетілдіруде өзінің де, шәкірттерінің де жетістіктерін айқындайтын материалдар негізге алынған. Осы технология бойынша дайындаған әдістемелік әзірлемесі қалалық, облыстық байқауда жүлделі І- орынды иеленді. «Топтық, жұптық, ұжымдық технологиялары» негізіндегі оқушылардың өзара белсенді әрекеттерін ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде тиімді қолдануда.
Мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Сексенбаева Сауле Кенжеғалиқызының «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша» жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын шығармашыл, тәжірибелі маман екендігін дәлелдейді.