Шахманова Карлыгаш Канатовна, бастауыш сынып мұғалімі
Шахманова Қарлығаш Қанатқызы-Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
1971 жылы 10 тамызда туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
1990 жылы Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық училищені тәмәмдаған.
2006 жылы М. Әуезов атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Педагогика және бастауыш сынып мұғалімі» факультетін бітірді.
1990 жылдан қазіргі уақытқа шейін Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияда еңбек етіп келеді. Қарлығаш Қанатқызының іс-тәжірибесі облыс көлеміне таратылды. Облыстық Білім Арттыру институты Семей қаласында өткізген білім көтеру курсында облыс және қала мұғалімдеріне дәріс оқып, іс-тәжірибесі таратылды. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының ІІ орын иегері, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының грамотасымен, Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен, «Білім берудегі ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған