ui.news.categories.Жаңалық

Абай облысының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өткізілді

14.08.2026 10:35
Абай облысының білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өткізілді
2026 жылдың 14 тамызында Семей қаласындағы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Абай облысының дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті.
​ Тақырыбы: «Конституциялық құндылықтар негізінде дарындылықты дамыту: олимпиадалық резервті, ғылыми-зерттеу әлеуетін мектеп пен қосымша білім беру интеграциясы арқылы қалыптастыру».
​Секцияның негізгі бағыттары мен нәтижелері:
🔹 Адами капиталды дамыту және Жаңа Конституция құндылықтарын білімге енгізу;
🔹 Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын азайту;
🔹 «Мектеп – Аудан – Облыс» моделі арқылы жас таланттарды ерте анықтау;
🔹 «Мектеп – Қосымша білім беру – ЖОО» сабақтастығын нығайту;
🔹 «Жасампаз ұрпақ» жобасының тәжірибесі мен Жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беруде қолдану кейстері.
​Дәстүрлі тамыз кеңесінің секция жұмысына қосымша білім беру педагогтері мен білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты. Кейстік сессия барысында өңірлік білім беру жүйесін дамытудың түйінді бағыттары бойынша нақты тәжірибелік кейстер ұсынылды.
​Жаңа 2026–2027 оқу жылында дарынды оқушыларымыз бен мұғалімдерімізге үлкен табыс пен заңғар асулар тілейміз!
🏛️ Ұйымдастырушы: Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығы

Ұқсас материалдар

Басты Іздеу Олимпиада Байланыс