Жаңалық

«Жеңіске жету траекториясы» тақырыбында онлайн-кездесу өтеді

27.01.2026 00:00
«Жеңіске жету траекториясы» тақырыбында онлайн-кездесу өтеді

🔊🔊Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми- әдістемелік «Дарын» орталығының жоспарына сәйкес «Жетістікке жету өз қолыңда» жобасы аясында жеңімпаз оқушылармен «Жеңіске жету траекториясы» тақырыбында онлайн-кездесу өтеді.

🔹Онлайн-кездесудің мақсаты: жеңімпаз оқушыларды ұлықтау, қолдау, олардың жеңіс жолындағы өз іс-тәжірибесін тыңдау, ой алмасу, тыңдарман оқушылардың мотивациясын арттыру.
🕰️Өту уақыты: 29 қаңтар 2026 жыл, сағат 12:00.
🖥️Өту формасы: Google Meet платформасы.
🗓️ Қатысушылары: 2025 жылы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиада, сайыс, конкурстардың халықаралық және республикалық деңгейдегі жеңімпаздары, тыңдарман ретінде 7-10 сынып оқушылары, 1200 оқушы.

Ұқсас материалдар

Басты Іздеу Олимпиада Байланыс