16 ақпан күні «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ «Дарынды балалармен жұмыс істеудің тиімді жүйесін құру - уақыт талабы» облыстық семинары өтті.

▫️Математика секциясының модераторы: Тлеубердиева Назгуль Дюсуповна, «Дарын» орталығының маманы.

Спикерлері:👇🏻
🔻Шәкәрім атындағы университеттің аға оқытушысы - Тайболдина Каламкас Радылхановна,
🔻«Білім-инновация» лицейінің мұғалімі - Асқарбек Сәкен Бақытжанұлы,
🔻«Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясы» КММ мұғалімі - Калиева Манигаш Смагулбековна.

📊Облысымыздың қалалары мен аудандарынан келген мұғалімдер олимпиадаға дайындалудың әдіс-тәсілдерімен, әділқазылар жұмысының ережесімен танысты. Мұғалімдермен ортақ топ құрылып, олимпиада резервтерімен үздік нәтижеге жұмыс жасау жоспарланды.

▫️Барлық мұғалімдер жаңа ақпарат алып, білімдерін кеңейтіп, спикерлермен пікір алмасып, соңында қатысушы сертификаттарын алды.

Облыстық семинардың барлық спикерлеріне өз тәжірибелерімен бөліскені үшін алғысымызды білдірем