«Математика-физика пәндерінен дарындылықты жетілдірудің мүмкіндіктері» тақырыбындағы облыстық семинары

2024 жылдың 18 сәуірінде «Математика-физика пәндерінен дарындылықты жетілдірудің мүмкіндіктері» тақырыбында  математика-физика мұғалімдеріне арналған  облыстық семинары  өтті.

         Іс-шараның мақсаты –  оқушыларды олимпиадалар мен зияткерлік жарыстарға қатысуға тиімді дайындауды ұйымдастыру және педагогтердің кәсіби шеберліктерін жоғарлату.

       Міндеттері: 

- олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын даярлаған жетекшілердің озық  іс-тәжірибелерін тарату және жинақтау, мектептің олимпиада резервтерімен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру;

        Облыстық   семинарға қалалар мен аудандардың мектептерінен  математика, физика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар барысында түрлі деңгейде өткен олимпиадалық тапсырмаларды шешудің жолдары талданып, жан-жақты сараланды.

         Іс-шара соңында жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларды математика-физика пәндерінен олимпиадаға сапалы дайындықжұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілді.