«Мектеп алды даярлық топтардың тәрбиеленушілері мен бастауыш саты оқушыларын логикалық және күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешуге үйретудің тәсілдері» облыстық семинары мұғалімдеріне арналған облыстық семинары онлайн режимде өтті.

🔻Семинардың міндеттері:
- мектеп алды даярлық топтардың тәрбиеленушілерін мен бастауыш саты
оқушыларының дарындылығын айқындап, қабілетін дамытуда мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру;
- оларды шығармашылық белсенділікке ынталандыру;
- «қабілет» және «математикалық қабілет» ұғымы туралы түсінік қалыптастыру.

🔖Облыстық семинарға мектеп алды даярлық топтардың тәрбиеленушілері, бастауыш сынып мұғалімдері және әдіскерлер қатысты.

📍Өту мерзімі: 2024 жылғы 10 мамыр

♦️Семинарда Семей қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияның бастауыш саты бойынша мектеп директорының орынбасары Датбаева Н. С. «Мектепте «Бастау» турниріне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында, осы мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Нұрғабиева Г. К., Чегебаева У. К. «Бастау» математикалық турниріне оқушыларды іріктеу және дайындау жұмыстары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

♦️№ 6 гимназия мұғалімі Малышкина Т.Ю. «Зачем развивать у учащихся начальной школы навыки логического мышления?», Қаныш Сатпаев атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімі Зацепина С.Г. «Решение логических и комбинаторных задач с младшими школьниками: просто о сложном» тақырыптарында күрделілігі жоғары есептерді шығарудың жолдарын көрсетті.

Әріптестеріміздің бастауыш саты оқушыларын олимпиадалар мен түрлі конкурстарға дайындап, еңбектерінің жемісін көрулеріне сәттілік тілейміз. 💐