 
            «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік олимпиада» республикалық олимпиадасын қорытындылау мақсатында Астана қаласында баспасөз конференциясы мен аймақтық координаторларға арналған семинар өтті.
                        
                        Дарын Орталығы
                    
                    
♦️Баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Жұмагелді Нұрлан Мұғиынұлы және олимпиадаға дайындық орталығының басшысы «Мың бала» олимпиадасының үйлестірушісі Қайроллаев Абылайхан Айкынович сөз сөйледі.
Семинарда Microsoft Power BI бағдарламасында жұмыс жасау үлгісі таныстырылды.
📍Баспасөз конференциясы мен семинар соңында «Мың бала» олимпиадасында белсенділік танытып, оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен Абай облысының аудан әдіскерлеріне алғыс хаттар табысталды.
 



