Семинардың салтанатты ашылуы Өлкетану, туризм және спортты дамыту бөлімінің басшысы Мурсалимов Рафаэль Мухаметгалиевичтің алғы сөзімен басталды.
Жарма ауданы әдістемелік кабинет меңгерушісі Жанакова Жанар Серказиновна «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі - нәтижеге бағытталған білім беру негізі» тақырыбында баяндама жасады.
📍Семинар барысында қатысушыларға мектеп-психологтері Тагиева Индира, Ұлыбаева Ақмарал «Белсенді өмір сүр, позитивті ойла» тақырыбында тимбилдинг өткізді. Қатысушылар музыка пәні мұғалімі Аксакова Балым Макановнаның жетекшілігімен «Өнер - өшпес қазына» тақырыбындағы өнерпаздардың өнерін тамашалады.
🔖Бағдарламаға сәйкес Жарма ауданының дене шынықтыру мұғалімдері: Таширяев Ерлан, Бейсенбаев Дархан, Кусаинов Нурлан, Сулейменов Ерлан, Султанов Еркин, Нысангалиев Мерей, Сагимбаев Ильдар, Қасенов Бақытқазы,Уразбеков Аскербек өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабақтарын өткізді. Семинар соңында «Маяковский атындағы орта мектебі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мурсалимова Сандугаш Сатыбалдыевна қорытынды сөз сөйледі.
🔗Семинар соңында қатысушыларға Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» шеберлік сабағын өткізген дене шынықтыру мұғалімдеріне алғыс хаттар және қатысушыларға сертификаттар табысталды.