Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК жоспарына сәйкес 03 маусым - 01 шілде аралығында Ұлттық мектеп лигасының 5-6 сыныптар арасындағы Республикалық кезеңі Абай облысы Семей қаласында өтуде.


🌐Өтінім бойынша Республикалық жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, БҚО, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО, Павлодар, СҚО, Түркістан Ұлытау, ШҚО облыстарынан жеңімпаз 1170 спортшы қатысады деп күтілуде.

📣Ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 07 маусым күні Қаржы-экономикалық колледжінің акт залында өтті. Ашылу салтанаты келген қалалар мен облыстардың спортшыларын таныстырумен басталды.

📌Салтанатты кешті Абай облысының басқарма басшысының орынбасары А. Нускенованың алғы сөзімен бастады. Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК өкілі Ж. Қабдылрахметова спортшыларға сәттілік тіледі.

Соңында шараға қатысушылар өнерпаздардың өнерін тамашалады. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!