«Абай облысы білім басқармасы» ММ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастырылуымен 2024 жылдың 1 ақпанында Ы. Алтынсарин № 37 гимназиясында Халықаралық сайлау күніне арналған «Сайлау – бұл әркімнің және бәрінің таңдауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Абай облысының Маслихат депутаты –Қарт Мерей Мейртайұлы, Абай облысы Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы - Қуанышева Гүлжан Жақсыбайқызы, «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ директоры – Өрлеубек Ерсінбек,«Абай жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы - Молдақашев Қуаныш Панарбекұлы, «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» директорының орынбасары Кожебекова Сауле Кусаиновна, Семей қаласының пікірсайыс қозғалысының үйлестірушісі, №6 мектеп гимназиясының пікірсайыс клубының жетекшісі - Даутбаев Рафаль Ролланович, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы директорының орынбасары, Семей қалалық Мектеп парламенті Президенттер кеңесінің меңгерушісі - Ахметова Алия Аманжоловна және Абай облысының белсенді көшбасшылары мен пікірсайысшылары қатысты.
Бұл күннің мақсаты – халыққа демократиялық сайлаудың маңыздылығын еске түсіру және сайлаушылардың қатысуын арттыру.
Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы дебат клубының қатысушылары көрсетілім ойынын ұсынды.
Көрсетілім ойынынан кейін дискуссиялық алаңда оқушылар қызықтыратын сұрақтарын құрметті қонақтарымызға қойып, өз ойларымен бөлісті.