2024 жылдың 30-31 қаңтары күндері Атырау облысында мамандандырылған мектептер базасында «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибелер» тақырыбында кеңейтілген оқу- әдістемелік кеңесі басталды

Кеңес бағдарламасында пленарлық отырыс, пән мұғалімдерінің шығармашылық шеберлік жұмыстары, инновациялық идеялар панорамасы (IT- жобаларын презентациялау, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу әзірлемелері), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жұмыс тәжірибесін көрсету, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын презентациялау қарастырылған.